Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 96,2%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 96,3%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 97,9%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 12,9 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 494 млрд теңгені құрады, оның ішінде 9 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 485 млрд теңге", – деді Жамаубаев.
Ең көп игерілмеген сома Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Ішкi iстер және Мәдениет және спорт министрліктерінде қалыптасты.
"Қаржыны игермеудің негізгі себептері: министрліктердің қайта құрылуы, орындалған жұмыстар актілерін, шот – фактураларды уақтылы ұсынбау, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылданбауы, төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі үшін жүргізілді", – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі.