Бюджет қаржысын заңсыз аударған

888

Ақмола облысында бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік шара қолданылмақ. 

Бюджет қаржысын заңсыз аударған

Аршалы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Гүлзат Махаева бюджет қаржысын мердігер компанияның есепшотына заңсыз аударған, деп хабарлайды Atameken Business.

Өткен жылы Жібек жолы ауылындағы жол құрылысын жүргізуге тендер өткізіледі. Жеңімпаз болған мердігер жұмысты бастап та кеткен. Алайда, басқа қатысушы мемлекеттік сатып алу заңсыз болды деп сотқа шағымданады. Сот тексеріс кезінде бұл тендер бойынша кез-келген іс-әрекетке тыйым салады. Алайда оған қарамастан, құрылыс бөлімінің басшысы ақшаны мердігерге төлеп тастаған. Қаржы соммасы – 1 миллиард 200 миллион теңге.

Жібек Жолы ауылдық округінің әкімі Ғабдығайып Рыспаевтың үстінен де шағым түсті. Ол елдімекен мәселелерін айтып келген тұрғындарға дөрекі сөйлепті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу