Бюджет кірісінің жартысынан көбі мұнайдан түседі

Өткен жылы ол жалпы бюджет кірісінің 43,6 пайызын құраса, 2020 жылы ол 53,5 пайыз болған.   

Бюджет кірісінің жартысынан көбі мұнайдан түседі Фото: 365info.kz

Сондай-ақ, елдегі ең ірі салық төлеушілер қатарында үнемі жетекші орындарды мұнай өндіруші компаниялар алады. Олар бюджетке қомақты салық төлейді.

Мәселен, өткен жылдың өзінде ТШО мен КПО төлемдері салықтық түсімдердің 20%-ға жуығын құрады.

Ұлттық қордың орнына тікелей бюджетке түсетін мұнайды өткізу кезіндегі экспорттық кедендік бажды да ұмытпау керек.

Осылайша Қазақстан үшін мұнай құнды ресурс болып қала бермек.

Еске сала кетсек, Қазақстанның жалпы экспорттық мұнайының үштен екісінен астамы Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданады. Көктемнен бері түрлі себептермен толық жұмыс істемеген желі, қазанның ортасында іске қосылады деп хабарланған. Алайда жоспар жүзеге аспады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу