Бюджет кодексіне өзгеріс енгізіледі

836

Нәтижесіз шығыстар қысқартылады.  

Бюджет кодексіне өзгеріс енгізіледі

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов салық-бюджет саясаты бойынша мемлекеттік бюджеттің тұрақтылығы үшін ашық және прагматикалық саясат құрылатынын мәлімдеді.
"Барлық салықтық преференциялар мен жеңілдіктер тиімділік тұрғысынан талданады. Бірінші шілдеге дейін бюджет кодексіне контрциклдік бюджет қағидаларын бекіту бойынша өзгеріс енгізіледі", – деді министр.

Руслан Дәленовтың сөзінше, ақша-кредит саясаты мен қаржы секторы бойынша инфляция мен экономикалық өсу арасындағы консенсусқа қол жеткізуге бағытталған шаралар әзірленеді. 
"Ақша-кредит саясаты стратегиясы және хеджирлеу инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныс дайындалып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамыту үшін ұлттық төлем жүйесін құру шаралары қолға алынады. Мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор бойынша құзыреттілік пен тиімділікті арттыруға және дебюрократияға қатысты шаралар әзірленеді. 

2020 жылдың 1 мамырына дейін нәтижесіз шығыстарды қысқарту бойынша шаралар қабылданады. Сонымен қатар кейінге қалдыруға болатын мемлекеттік шығыстардың тізбесі айқындалады", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу