Бюджет қызметкерлеріне тегін үй берілмейді

806

Бюджет қызметкерлеріне тегін үй берілмейді

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиев бюджет саласының қызметкерлеріне "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер берілетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Бюджет саласының қызметкерлері арасында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша пәтердің берілетіні туралы ақпарат тарап жүр. Бастамашылар қолжетімді баға бойынша пәтер алып беруге уәде беріп, "кезекке тұрғандардың" тізімін жүргізуде. Әлеуетті үміткерлердің сеніміне ие болу үшін Nurzher.kz логотипімен күдікті хаттарды ұсынады. Оның тақырыбында жақында жарияланған әлеуметтік бастамаларға жасалған сілтемемен ҚР президент әкімшілігінің атауы қалың шрифтпен жазылады", – деді Талғат Қалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу