Бюджет қызметкерлерінің жалақысын 200 мың теңгеге жеткізу ұсынылды

996

Елордада "ADAL" саяси партиясының кезектен тыс VII съезі өтіп жатыр. 

Бюджет қызметкерлерінің жалақысын 200 мың теңгеге жеткізу ұсынылды

"ADAL" партиясының саяси кеңесі мүшесі Олжас Ордабаев сөзінде ең төменгі күнкөріс деңгейін қазіргі 32 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеру керек екенін айтты. 

"Мемлекет азаматтарына халықаралық өмір сүру стандарттарының ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуі тиіс. Сол себепті біз ең төменгі күнкөріс деңгейін қазіргі 32 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеруді көздейміз. Ең төменгі жалақыны да 42 500 теңгенің орнына 60 мың теңгеге жеткізу керек. Бұл халыққа айтарлықтай көмек болады деп есептеймін. Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 200 мың теңгеге дейін ұлғайту қажет. Зейнетақы жарналарын төлеу ерікті болуы тиіс. Бұл ретте мемлекет барлық азаматтар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі деңгейінде ең төменгі зейнетақыға кепілдік беруге тиіс", – деді Олжас Ордабаев.
Саяси кеңес мүшесінің сөзінше, баспанаға кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға ипотека алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен сертификаттар беру мәселесін қолжетімді ету қажет. 

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу