Бюджет тапшылығы 2,1%-ға дейін төмендейді

585

Сенатта қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы бойынша баяндама жасады. 

Бюджет тапшылығы 2,1%-ға дейін төмендейді

"Бюджет жобасын қарау барысында оның бағыттары мен мазмұны жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, 2021 жылға арналған республикалық бюджет түсімі 11,4 трлн теңге көлемінде  анықталды. Бюджет тапшылығы 2021 жылы жалпы ішкі өнімнің 3,4%-нан 2023 жылы кезең-кезеңмен 2,1%-ға дейін төмендейді деп айқындалды. Бюджет шығысы 2021 жылы 14 трлн теңгені құрайды. Басымдық – халықтың әл-ауқатын арттыру. Оны бюджеттің әлеуметтік шығысының динамикасы көрсетіп отыр. Мәселен осы бағыт бойынша үшжылдық кезеңдегі шығы 23,4 трлн теңгені, оның ішінде 2021 жылы - 7,1 трлн теңгені немесе шығыстардың жалпы көлемінің 50,5% құрайды", – деді ол.

Министрдің мәлімдеуінш е,әлеуметтік көмекке және қамсыздандыруға 12,6 трлн теңге, оның ішінде 2021 жылға 4 трлн теңге жоспарланған.

Оның 96,3%-і зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы қаржылай өтемақы төлеуге арналған.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу