Бюджет тәуекелін тиімді басқаруға басымдық беріледі

821

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.  

Бюджет тәуекелін тиімді басқаруға басымдық беріледі

Бюджет кодексіне түзету енгізуді қарастыратын құжат парламенттің, есеп комитетінің және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсыныстарын жүзеге асыруды көздейді деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бюджеттік тәуекелдер мен мемлекеттік қаржының тұрақтылығы туралы есепті жыл сайын парламентке республикалық бюджеттің жобасымен бірге енгізу ұсынылды. Құжатта мемлекеттік қаржы жағдайына әсер ететін макроэкономикалық, демографиялық, қаржылық және басқа да тәуекелдердің талдауы қамтылады. Осындай құжатты қалыптастыру бюджеттік тәуекелдерді тиімді басқаруға және оларды бюджеттік шешім қабылдау кезінде ескеруге мүмкіндік береді", – деді депутаттарға ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

Оның сөзінше, алдағы уақытта игерілмеуіне байланысты республикалық бюджетке кері қайтарылатын қаражат жыл соңында алдын ала құрылған стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларын өзгертуге ықпал етпеуге тиіс. Яғни жоспарды өзгертуге тыйым салынады. Мемлекеттік қолдау шарасы аясында бөлінген қаражаттың пайдаланылуына бақылау мен мониторингті күшейту мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды қаржылай және қаржылай емес қолдау операторларына, сондай-ақ қарыз алуға мемлекет кепілдік берген квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қазынашылық шот ашылады 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу