Бюджет және Қылмыстық атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырлар енгізіледі

711

Білім және ғылым министрлігіне қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне және олардың мөлшеріне кепілдік беру қағидасын бекіту, Сыртқы істер министрлігіне халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету ісіне мониторинг жүргізу, ал Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту міндеті жүктеледі. Бұл туралы сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі, депутат Ләззәт Рысбекова мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бюджет және Қылмыстық атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырлар енгізіледі

Айта кетейік, бүгін сенаторлар мақұлдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы шеңберінде үкіметтің бірқатар өкілеттігі министрліктерге, ал министрліктердің кейбір қызметін әкімдіктерге беру жөнінде шешім қабылданды. 

"Заң жобасы арқылы Қазақстан Республикасының 46 заңнамалық актісіне, оның ішінде Бюджет және Қылмыстық атқару кодекстеріне өзгеріс пен толықтыру енгізу көзделген. Бұған қоса Білім және ғылым, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің кейбір функцияларын жергілікті атқарушы органдарға беру қарастырылған. Кейбір мәселелерде Экология, геология және табиғи ресурстар, Қорғаныс, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің өкілеттіктерін күшейту үшін оларға бірқатар қосымша қызмет берілетін болды", – деді Ләззат Рысбекова.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу