Бюджетке 197 млн теңге салық түспей қалған

735

Бюджетке 197 млн теңге салық түспей қалған

Салық қызметкерлері тиісті мақсатта пайдаланылмай жатқан 100-ден астам жер телімін анықтады, деп хабарлады Астана мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

"Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тиісті мақсатта пайдаланылмай жатқан 100-ден астам жер телімін анықтады. Міндеттемелерін атқармай отырған тұлғалар он есе көп мөлшерде салық төлеуге міндеттелді, оның жалпы сомасы 197 млн теңгені құрады", - делінген хабарламада.

Департамент өкілдері Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзбауға шақырып, салық міндеттемелерін орындамағандар әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу