Бюджетке былтырғыдан 173 миллиард теңгеге артық кіріс түсті

675

Бюджетке былтырғыдан 173 миллиард теңгеге артық кіріс түсті

Бүгін үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2018 жылдың 4 айын қорытындылап, баяндама жасады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов өз баяндамасында мемлекеттік бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) есептілік кезеңде 105,1%-ке, олардың ішінде республикалық кірістер — 100,9%-ке, жергілікті бюджеттер — 117,1%-ке асыра орындалғанын атап өтті.

Республикалық бюджетке 1781,7 млрд теңге кіріс түсті. Бұл жоспардан 16 млрд теңгеге, ал былтырғы жылдың төрт айының көрсеткішінен 173 млрд теңгеге артық. Өсу қарқыны 110,7% құрайды. Жоспардың артығымен орындалуы негізінен салықтар бойынша қалыптасты. Олардың ішінде, үстеме табыс салығы — 8,5 млрд теңге, шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден баж салығы — 32,1 млрд теңге.

Жергілікті бюджеттердің кірістері 106 млрд теңгеге артығымен орындалып, 728 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік бюджет шығыстары 96,6%-ке, республикалық — 96,9%, жергілікті бюджеттер — 98%-ке атқарылды.

"Алдағы басты мақсат – нақтыланған бюджеттегі қосымша берілген қаражаттың түпкілікті тұтынушыларға және экономикалық айналысқа уақытында жетуін қамтамасыз ету. Бұл жұмысты республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп орындаймыз", — деді Бақыт Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу