Алматы қазынаға ақша салудан оқ бойы озып тұр. ЛС ақпарат агенттігі бюджетке ең көп салық түсірген облыстардың рейтингін жариялап отыр.
Оған қарағанда 2017 жылдың 3 айында Алматы 419 млрд теңге салық төлеген. Оның 78%-ы республикалық бюджетке бұйырса, 22%-ы жергілікті әкімдікте қалыпты. Екінші орында – Атырау тұр. Мұндағы кіріс – 241 млрд теңге. Оның 76%-ы қазынаға берілген. Үштікті Астана тәмамдайды. Жалпы салық – 221 млрд теңге. Бас қала да бюджетке 76% үлесін өткізген. Жалпы облыстар есебінен кірген қаржы – 1 трлн 2 млрд теңге.
Автор: Құралай Пионер
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу