Бюджетке қарызы бар азаматтардың қатары жылдан жылға артуда

760

Түркістан облысында жыл басынан бері борышкерлердің бюджетке берешегі 12 миллиард теңгеге жеткен.

Бюджетке қарызы бар азаматтардың қатары жылдан жылға артуда

Түркістан облысында қарызы үшін шетелге шыға алмағандар қатары 200 мыңға жетті. Бұл туралы өңірдің кірістер департаментіне қарасты борышкермен жұмыс басқармасының басшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken TV.

Аталған басқарма басшысының міндетін атқарушы Әбіт Бекжігіттің айтуынша, түрлі қарызы бар азаматтардың қатары жылдан жылға артып отыр. Жыл басынан бері борышкерлердің бюджетке берешегі 12 миллиард теңгеге жеткен. Салық кодексіне сәйкес, берешекті жою мақсатында олардың мүліктерін сату арқылы қарыздарды қайтару қарастырылған.

Бұл ретте осы жылдың 6 ай көлемінде 853 азаматқа қатысты жалпы 1,9 млрд теңгеге мүлікті сату актісі түзілген. Ал берешек сомасы толық өтелуіне байланысты 695 борышкердің 1,2 млрд теңге тұратын мүлкі сатудан алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу