"Бюджетке қатысу" пилоттық жобасы бойынша өтініштерді қабылдау басталады

2420

Жобаға сәйкес, Алматының сегіз ауданына қала бюджетінен 500 млн теңге бөлу қарастырылған.

"Бюджетке қатысу" пилоттық жобасы бойынша өтініштерді қабылдау басталады

2019-2020 жылдарға арналған "Бюджетке қатысу" пилоттық жобасы аясында аулаларды абаттандырып, саябақтар мен скверлерді құруға, спорт алаңдарын жасап, көшелерге жарық орнатуға, бұдан өзге қалалық ортаны жақсартып, мегаполис тұрғындарының өмір сүру ортасын жақсарту сияқты идеяларды бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға болады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жобаға сәйкес Алматының сегіз ауданына қала бюджетінен 500 млн теңге бөлу қарастырылған. Қалалық әкімдіктің OpenAlmaty budget.open-almaty.kz (web-нұсқасы қолжетімді, мобильді нұсқасы дайындалуда) қоғамдық қабылдау порталы арқылы қала тұрғындары ашық түрде өздерінің ұсыныстары мен жобаларын енгізуіне мүмкіндіктері бар.

Үздіктерді қала тұрғындардың өздері дауыс беру арқылы анықтайды. Сонымен қатар қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелері, сарапшылар, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері де жобаға өз бағасын береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу