Бюджетке салық төлемегендерді Қаржы мониторинг агенттігі тергеді

363

Мемлекет бюджетіне 470 млн және 240 млн теңге төлемеген. 

Бюджетке салық төлемегендерді Қаржы мониторинг агенттігі тергеді Фото: ҚМА

Бюджетке салық төлеуден жалтару фактілері бойынша екі қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті тергеді.

Тіркеулері жойылып, сот шешімімен мәмілелер жарамсыз деп танылған сенімсіз өнім берушілермен өзара есеп айырысу нәтижесінде жосықсыз салық төлеушілер екі жағдайда мемлекет бюджетіне 470 млн және 240 млн теңге төлемеген.

Мемлекетке 710 млн теңгеден астам залалды толық өтеу нәтижесінде қылмыстық істер ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

"Салық төлеуден жалтару қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын және үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертеміз", - делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу