Бюджетке салықтық түсімдер 2 есеге дейін артты

1419

2022 жылғы қаңтар-ақпан айында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 108,2% орындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Бюджетке салықтық түсімдер 2 есеге дейін артты

Жоспар бойынша оның сомасы 2 439,7 млрд теңге болуы керек еді, бірақ бұл көрсеткіш 200,8 млрд теңгеге асыра орындалып, 2 640,6 млрд теңгені құрады. 

Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда салық түсімдері 1,9 есе немесе 1 249,3 млрд теңгеге өсті, оның ішінде:
- Республикалық бюджет 100,5% орындалды (жоспар бойынша 1 959,1 млрд теңге, 9,4 млрд теңгеге асыра орындаумен 1 968,5 млрд теңге түсті), өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,3 есе немесе 1 115,6 млрд теңгеге өсті.
- Жергілікті бюджет 139,8% орындалды (жоспар бойынша 480,6 млрд теңге, 191,4 млрд теңгеге асыра орындаумен 672,1 млрд теңге түсті) 2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24,8% немесе 133,7 млрд теңгеге өсті.

2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджет түсімдердің ең көп сомасы мұнайға салынатын корпоративті табыс салығы бойынша 358,3 млрд теңгеге немесе 2,3 есе, ішкі тұтыну тауарларына қосылғагн құн салығы 431,4 млрд теңгеге немесе 7,1 есе және экспорттық кеден баждары бойынша 183,0 млрд теңгеге немесе 3 есе өскені байқалады.

Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті.

2022 жылғы қаңтар-ақпан айын өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 58,4%, алюминийге 53,4%, мырышқа 33,1%, мысқа 20,0% және қорғасынға 13,2% бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 57,9%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2022 жылғы қаңтар-ақпан айында – 47,5 доллар, 2022 жылғы қаңтар-ақпан айында – 75,0 доллар).

Үшінші елдермен тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар айында 1,7 есеге ұлғайды (экспорт 1,9 есе өсті, импорт 1,3 есе өсті).

Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы қаңтар- ақпан айында өткізу бойынша айналым 32,3%-ға ұлғайды (13 711 млрд теңгеден 18 134 млрд теңгеге дейін).

2022 жылғы қаңтар-ақпан айында электронды шот-фактуралардың деректері бойынша өзге де қызмет түрлерін ұсыну 2,1 есеге, өнер, ойын-сауық және демалыс бойынша 1,8 есеге, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 1,6 есеге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 60,1%, ақпарат және байланыс 50,9%, құрылыс 38,9%, өңдеу өнеркәсібі 36,0%, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі 28,6%, білім беру 28,4% және көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 28,2%-ға өсті.

Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы қаңтар-ақпан айында бір салық төлеушіге онлайн БКМ орташа түсімі 60,3%-ға өсті (5,7 млн теңгеден 9,1 млн теңгеге дейін).

Салалар бөлігінде орташа түсімнің өсуі қаржы және сақтандыру қызметі 2,5 есеге, көлік және қоймаға орналастыру бойынша 2 есеге, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 1,9 есеге, өзге де қызмет түрлерін ұсыну 32,0%, өнер, ойын-сауық және демалыс 30,6%, ақпарат және байланыс 25,4%, тұру және тамақтану бойынша қызметтер 23,7%-ға өсені байқалады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу