Бюджетке түсетін мұнай түсімдерінің үлесі біртіндеп азаятын болады

542

Қаржы министрлігінің дерегінше биыл бюджетке түскен мұнай түсімдерінің үлесі 40,2% болды, ал 2025 жылға қарай ол 21,8%-ке дейін төмендейді, деп жазады inbusiness.kz 

Бюджетке түсетін мұнай түсімдерінің үлесі біртіндеп азаятын болады Фото: egemen.kz

Министрлік мәліметінше 2023 жылы мұнай секторынан түсетін түсімдер 1,4 трлн. теңгеге азайып, 5 трлн. теңгені құрайды. 2025 жылға қарай мұнай секторының түсімі 4,1 трлн. теңге болады деген болжам бар.

Мұнайдан тыс түсімдердің үлесі 2022 жылғы 59,8% болды. 

2025 жылға қарай 78,2%-ке дейін өседі деп болжанып отыр. Мұнайдан тыс сектордан түсетін кірістер көлемінің ұлғаюына экономикасын әртараптандыру мүмкіндіктерінің артуы және елдің табыс көзінің нығаюы ықпал етеді деп болжанып отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу