Бюджетке түсетін салық түсімдері азайған

814

Биыл қаңтар-қазан айларында еліміздің мемлекеттік бюджетіне 11,1 трлн теңге түскен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,9%  артық.  

Бюджетке түсетін салық түсімдері азайған

Кіріс негізінен трансферттер есебінен көбейген, деп хабарлайды finprom.kz 

Бюджеттің былтырғы он айдағы түсімдері – 10,1 трлн. теңгені құраған. Осылайша, бір жылдың ішінде 12,2%-ға көбейген.

Алайда мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері бір жылдың ішінде 9,7%-ке, яғни теңгемен шаққанда 6,4 трлн. теңгеге қысқарғанын байқауға болады. Соның ішінде 2,6 трлн. теңгесі  –  тауарларға, жұмысқа, қызмет көрсетуге салынатын ішкі салықтар есебінен, 2,1 трлн. теңге —табыс салығы,  697,9 млрд теңге халықаралық сауда және ішкі операциялар салығы есебінен азайған. 

Салықтық емес түсімдер 321,5 млрд. теңгеге жетіп, бірден 69,9%-ға артқан. Соның ішінде 64,5%-ы немесе 207,3 млрд. теңгесі – мемлекеттік жекеменшіктен түскен кірістер. Ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферттер 4,3 трлн. теңгені құраған, бұл былтырғымен салыстырғанда 55,9% -ға артық көрсеткіш.

Қымбат Нұрғали
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу