Бюджеттен маңыздылығына қарай 196 млрд теңге қайта бөлінді

Үкімет резерві есебінен 120 млрд теңге қосымша қарастырылды.

Бюджеттен маңыздылығына қарай 196 млрд теңге қайта бөлінді Фото: inbusiness.kz

Сенатта "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы қаралып, кеңінен талқыланды. Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев оның негізгі тұстарын таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жалпы алғанда, бюджеттің параметрлері әлеуметтік және басқа да міндеттемелерді уақтылы орындауға, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сенатта Комитеттер мен Жұмыс топтарының 22 отырысы өткізілді. Онда депутаттардың 250-ден астам сауалдарына жауаптар берілді.

Депутаттар көтерген мәселелер, әсіресе өңірлердің қажеттіліктері барынша ескерілді. Нәтижесінде маңыздылығына қарай 196 млрд теңге қайта бөлінді.

Президент және Үкімет резерві есебінен 120 млрд теңге қосымша қарастырылды", – деді Ерұлан Жамаубаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу