Бюджетті толық игермеген министрліктердің тізімі жарияланды

96

Қаржы министрлігінің есебінше, биыл 5 министрлік республикалық бюджеттен бөлінген ірі көлемдегі қаражатты толық пайдаланбаған.  

Бюджетті толық игермеген министрліктердің тізімі жарияланды Фото: gov.kz

Жалпы алғанда, атқарушы органдар 480,5 млрд теңгені жоспарланған мерзімде игермеген, деп жазады inbusiness.kz сайты Juzmedia порталына сілтеме жасап.

2025 жылдың қаңтар-қараша айларында бюджет кірісі 19 трлн теңгеге жетсе, шығыс 22,7 трлн теңгені құрады. Осы кезеңде 984 млрд теңге орындалмаған шығыс ретінде тіркелді. Оның 43,5 млрд теңгесі үнем ретінде қалған.

Тағы 460,3 млрд теңге қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты төленбепті, ал 480,5 млрд теңге тиісті министрліктердің қаражатты уақтылы жұмсай алмауына байланысты жұмсалмаған.

  • Ең ірі игерілмеген сома Қорғаныс министрлігінде тіркелді. Ведомствоға 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінгенімен, төлем жоспары 88 пайыз ғана орындалған. Соның нәтижесінде 105 млрд теңге пайдаланылмай қалыпты. Бұған қорғаныс тапсырысына қатысты шешімдердің кеш қабылдануы мен құжат айналымының баяулығы әсер еткен.
  • Ауыл шаруашылығы министрлігі де бөлінген қаржының бір бөлігін игермеген. 736 млрд теңгенің тек 74 пайызы жұмсалып, 87 млрд теңге пайдаға аспаған. Мұнда да негізгі себеп ретінде құжаттардың кеш тапсырылуы мен кейбір шоттардағы қаражат тапшылығын атады.
  • Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарастырылған 775 млрд теңгенің 49 млрд теңгесі пайдаланылмаған. Бұл қаражат жоғары білім мен ғылымды дамыту бағыттарына арналған. Қаржының игерілмеуіне нақты қажеттіліктің болмауы және құжаттардың уақытында рәсімделмеуі себеп.
  • Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне бөлінген 236 млрд теңгенің шамамен бестен бірі игерілмей қалды. 38 млрд теңге шарттарды рәсімдеудің созылып кетуіне және атқарылған жұмыстар актілерінің кеш берілуіне байланысты жұмсалмаған.
  • Ішкі істер министрлігі бөлінген 664,9 млрд теңгенің 92 пайызын игерді. Қалған 37,6 млрд теңге конкурстық рәсімдердің ұзақтығы мен төлемдерді нақтылау процесінің созылуына байланысты игерілмеген.

Ал 2026 жылға арналған республикалық бюджеттің кіріс бөлігі 22,9 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу