Қаржы және бюджет комитетінің мәліметінше, бюджет заңнамасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қамтитын құжат бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің лимитін айқындау тәсілін өзгертуді, мемлекеттік органдардың бюджеттік өтінім құрамында бюджеттік субсидия мен бюджеттік инвестицияға мәлімделген шығыстардың экономикалық қайтарымдылығына бағалау жүргізуді, бюджеттің атқарылуын жетілдіру жөніндегі нормаларды қарастыратын бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі талдамалық есеп құрылымын өзгертуді көздейді.
Жұмыс тобының мүшелері заң жобасының жекелеген нормаларын жетілдіру мақсатында облыстық бюджетке 50%-дан аспайтын және аудандық бюджетке 50%-дан кем емес мөлшерде корпоративтік табыс салығынан түсетін түсімдерді бөлу нормативін белгілеу бойынша және Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты жекелеген заңдарға өзгеріс пен толықтыру енгізу бастамасын көтерді.
Қанат Махамбет