Бюджеттік кірістер жоспары 101%-ға орындалды – Әлихан Смайылов

1025

Жоспарланғаннан 76 млрд теңгеге артық.

Бюджеттік кірістер жоспары 101%-ға орындалды  – Әлихан Смайылов

Үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша салық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге қатысты министрліктің жұмыс нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды

Әлихан Смайыловтың айтуынша, мемлекеттік бюджеттің кірістер бойынша жоспары 101%-ға орындалды немесе жоспардан тыс 76 млрд теңге түсті. Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсімі 14%-ға қамтамасыз етілді және 911 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің өсу қарқыны 14% құрады, ол өткен кезеңмен салыстырғанда 886 млрд теңгеге артық.

Серпінде ішкі тұтыну тауарларына қосылған құн салығы бойынша 282 млрд теңгеге, корпоративтік табыс салығы 194 млрд теңгеге және еңбекақы қорынан салықтар бойынша 95 млрд теңгеге өскені байқалады. Сондай-ақ кедендік төлемдер де өсті: ЕАЭО-тан қосылған құн салығы бойынша 88 млрд теңгеге және үшінші елдерден ҚҚС 73 млрд теңгеге артты. 

"Келтірілген нәтижелер фискалдық әкімшілендіруді арттыруға бағытталған мемлекеттік кіріс органдарының жұмыс стратегиясы дұрыс екенін білдіреді", – деді Әлихан Смайылов.

2019 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің (трансферттерді қоспағанда) нақтыланған болжамы 7 трлн 81 млрд.теңге сомасында айқындалды. 2018 жылдың фактісіне кірістердің өсуі  1 трлн 233 млрд теңгеге немесе 121%-ға болжанып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу