Бюджеттік заң бұзушылықтар бойынша Түркістан облысы көш бастады

970

Ең жақсы көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында тіркелген.  

Бюджеттік заң бұзушылықтар бойынша Түркістан облысы көш бастады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылдың алғашқы үш айында жалпы сомасы 25 млрд теңгенің қаржылық заң бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz

2021 жылдың бірінші тоқсанында 526,5 млрд теңге бюджетке жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша 25 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды, бұл 2020 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 2 есе аз.

Оның ішінде 2,5 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған және 2,5 млрд теңге тиімсіз жоспарлауға жұмсалған.  Бұл ретте, 40,8 млрд теңге қайта қалпына келтірілуі ккрек.  Қазірдің өзінде 25,4 млрд теңге қалпына келтірілді.

Өңірлер бойынша ең үлкен шығын Түркістан облысында тіркелген. Аймақта бюджеттің 9,9 млрд теңге қаражаты дұрыс игерілмеген.  Бұл жалпы көрсеткіштің 39,6%-ын құрайды.

Екінші орында 5,6 млрд теңгеге заң бұзушылықпен Жамбыл облысы тұр.  Одан кейінгі орында Батыс Қазақстан облысы (4,1 млрд теңге) және Нұр-Сұлтан (3,7 млрд теңге).

Басқа аймақтарда көрсеткіштер 1 млрд теңгеден аспайды.  Алматыда - 20,4 млн теңге, ал Ақмола облысында - 1,4 млн теңге.  Ең үлгілі нөлдік көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында тіркелген. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу