Бюджеттің 7,3 миллион теңгесін жымқырған бухгалтерге үкім кесілді

784

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері "Қазына" жедел-алдын алу шарасын жүргізу барысында Әулиекөл ауылындағы "Әулиекөл ауданының ветеринариялық станциясы" КМК-да бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бюджеттің 7,3 миллион теңгесін жымқырған бухгалтерге үкім кесілді

"Ветстанцияның бас бухгалтері Ж. Ақмурзина өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, өзінің жеке шотына және ветстанция қызметкерлерінің карточкалық шоттарына ақшалай қаражатты заңсыз аударған. Бұл ретте, төлемдердің негізі "құрылыс қызметтері үшін төлем" деп көрсетілді, бірақ қызмет көрсету бойынша растайтын құжаттар жоқ. Нәтижесінде Ж. Ақмурзина мемлекеттік бюджеттен 7,3 миллион теңгеден астам қаражат жымқырды", – деп жазылған хабарламада.

Бас бухгалтер 3 жылға бас бостандығынан айрылды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу