Бюджеттің әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру шығыны бір жылда 8%-ға өсті

1078

Секторда халық тығыз қоныстанған Түркістан және Алматы облыстарының бюджетіне айтарлықтай салмақ түскен.

Бюджеттің әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру шығыны бір жылда 8%-ға өсті

2021 жылғы қаңтар-шілдеде мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған шығыны 2,3 трлн теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,8%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылы 7 айда аталған саладағы шығын 2,2 трлн теңге еді, бір жылда плюс 14,2%.

Биыл республикалық бюджеттің әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған шығыны шамамен 2,3 трлн теңге (бір жылда плюс 2,4%), жергілікті бюджеттердің шығыны – 215,7 млрд теңге (бір жылда плюс 9,6%). 

Сектордағы ең көп шығын Түркістан (26,5 млрд теңге, өткен жылмен жылмен салырғанда 6,1% артық), Алматы (21,8 млрд теңге, бір жылда плюс 9,7%) облыстары, сондай-ақ Шымкентте (19,8 млрд теңде, бір жылда плюс 56,2%).

Бөлінген қаражат көлемінің ең үлкен жылдық өсімі Шымкентте, ең көп қысқару Шығыс Қазақстан облысында (17,1 млрд теңге, 6,3%-ға азайған) тіркелді. 

2021 жылғы қаңтар-шілдеде секвестрленбейтін (қысқартуға жатпайтын) республикалық бюджет бағдарламаларының орындалуы 362,4 млрд теңге болды, өткен жылмен салыстырғанда 80,1%-ға аз.

Мұндай қысқарту республикалық бюджеттен ынтымақты зейнетақы мен базалық зейнетақы төлемдерін төлеудің тоқтатылуымен байланысты. 2020 жылғы 7 айда барлық қаражаттың 80,8%-ы аталған салаларға жұмсалды.

Биыл ең көп қаражат мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыға жұмсалды: 182,8 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға артық.

Сондай-ақ асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыға (48,3 млрд теңге, плюс 9,6%) және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен қамқоршыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақының (32,2 млрд теңге, плюс 10,8%) үлесі жоғары.

Сонымен қатар бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер төлемдері, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақылар да қысқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу