Бюджеттің кіріс жоспары 7 млрд теңгеге асыра орындалды

782

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев соңғы 9 айда мемлекеттік бюджетке 7 трлн 912 млрд теңге түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бюджеттің кіріс жоспары 7 млрд теңгеге асыра орындалды

Оның айтуынша, мемлекеттік бюджетті толтыру жоспары 104% орындалған. Республикалық бюджетке 5,1 трлн теңге түскен. Жоспар 100,1% көлемінде жүзеге асырылған. 

"Жалпы кіріс бойынша жоспар 7 млрд теңгеге асыра орындалды. Оның ішінде салық 22 млрд теңгеге атқарылса, салықтық емес түсімдер 17 млрд теңгеге атқарылмады. Салық бойынша асыра орындаудың негізгі қаражаты корпоративтік табыс салығына, пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салыққа және ішкі өндіріс тауарларына салынатын қосылған құн салығына тиесілі болды", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің сөзінше, корпоративтік табыс салығының жоспары 672 ірі салық төлеушінің мәлімделген аванстық төлемінің 66,4%-ға ұлғаюына байланысты асыра орындалған.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу