Бюджеттің миллиондаған қаржысын жымқырған балабақша қызметкерлері сотталды

Ол 62 млн теңгені қалтасына басқан. 

Бюджеттің миллиондаған қаржысын жымқырған балабақша қызметкерлері сотталды Фото: google.com

Павлодар облысына қарасты Аққулы ауданындағы балабақшаның басшысы мен есепшісі жеті жыл бойы қазына қаржысын жымқырып келген. Олардың әрекеті таяуда ғана әшкере болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Белгілі болғандай, Аққулы ауданындағы балабақша директоры мен бухгалтері өзара келісіп алып, қызметтерін асыра пайдаланып, 2016-2023 жылдар аралығында 62 млн теңгені қолды еткен. Олар тиісті көлемнен артық жалақы мен үстемақы алып отырған. 

Аққулы аудандық соты мектепке дейінгі білім беру мекемесі басшысы мен есепшінің ауыр жемқорлық қылмысқа жататын әрекет қарады. Негізі, мұндай іс үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Алайда сот директордың зейнет жасында екенін ескеріп, оны 7 жыл бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Яғни, ең жеңіл жаза қолданылды. 

Ал есепшінің отбасылық жағдайы ескерілді. Ол – көпбалалы ана. Төрт баласының екеуі тіпті кішкентай. Осы жағдай назарға алынып, ол өмірінің 8 жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болды. Бірақ түзету мекемесіне 2022 жылғы баласы алты жасқа толған кезде ғана барады. Әзірше жазасы кейінге шегеріліп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу