БЖТ төлегендер қайтадан көлеңкеге кетпеуі керек – Президент

972

Жұмыссыздардың еңбек биржасына тіркелуі жеңілдейді.

БЖТ төлегендер қайтадан көлеңкеге кетпеуі керек – Президент

42500 теңге алу үшін БЖТ төлеген адамдар мемлекет назарынан тыс қалмауы керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге бұл санаттағы азамттарды жіті назарға алуды тапсырды.

"Жаңа әлеуметтік өтемақыны алу үшін БЖТ төлеу шарт болды. Олардың 40%-ы бірінші рет БЖТ төлеген. Бұл шынымен мемлекеттің қолдауына мұқтаж жандар. Оларды барынша экономикаға қатыстыру қажет. Бұл адамдардың қайтадан көлеңкеге кетіп, проблемасымен жеке қалуына жол беруге болмайды. Өйткені ресми жұмыс істеп, салық төлеген азаматтар ғана лайықты зейнетақы мен қиын жағдайда мемлекет қолдауына арқа сүйейтін болады. Сондықтан жұмыссыздармен бірге дәл осы азаматтар Үкімет пен әкімдердің жіті назарына алынуы керек. Нарықтық экономика аясында уақытша жұмыс жоғалту кез келгеннің басынан өтуі мүмкін. Осыған байланысты Үкіметке еңбек биржасында тіркелу шарттарын барынша жеңілдету керек. Процедуралар мен жұмыссыз мәртебесі мен өтемақы алу уақытын қысқарту қажет", – деді мемлекет басшысы

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу