БЖЗҚ 121 мың шотты жабады

1262

Бұл өзгеріс БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы жоқ шоттарға қатысты. 

БЖЗҚ 121 мың шотты жабады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 121 мың зейнетақы шотын жабатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы қордың сайтына сілтеме жасап.

"БЖЗҚ" АҚ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2021 жылдың 12 ақпандағы № 27 қаулысымен бекіткен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларының 2021 жылдың 01 наурызынан бастап күшіне енгенін хабарлайды. Осыған сәйкес ЖЗШ-да зейнетақы жинағы болмаған жағдайда ол 1 айдан соң жабылады", - деп жазылған хабарламада.

Осылайша, БЖЗҚ-да бұрын ашылған, оның ішінде адам жұмысқа тұрып, шот ашуға өтініш берген немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан, бірақ қандай да бір себептермен аударымдар жасай алмаған жағдайда, әрі зейнетақы жинақтары болған және зейнетақы жинақтарының барлық сомасы төленіп, аударым жүзеге асырылған ЖЗШ-ларға төлем не аударым жасалғаннан кейін 1 ай ішінде зейнетақы жарналары түспеген зейнетақы шоттары жабылады.

"2021 жылдың 1 ақпанындағы мәліметке сәйкес, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары жоқ шоттың саны шамамен 121 мың", - деп жазылды хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу