БЖЗҚ 327 млн долларды жапон валютасына айырбастады

942

Жалпы біздің ел Ресей, Филиппин, Перу, Индонезия, Мексика, Бразилияның мемлекеттік құнды қағаздарын сатып алған.  

БЖЗҚ 327 млн долларды жапон валютасына айырбастады

Ал "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры"  327 млн долларды Жапон иенасына айырбастаған, деп хабарлайды Atameken Business.

Мұндай ақпаратты Блумберг агенттігі жариялады. Валюталық своп бірнеше ірі халықаралық инвестициялық банктермен жарты жылдан 9 айға дейінгі мерзімге жасалған. Олардың кредиттік рейтингі аса жоғары. Мақсат – зейнетақы активтерінің кірісін жоғарылату. Осы келісімнің аясында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының" портфеліне  35,3 млрд жапон валютасы аударылған. Қор осыған дейін 440 млн долларды еуроға инвестициялаған. Өйткені оның кірісі салыстырмалы түрде алғанда жоғары.

Жалпы біздің ел Ресей, Филиппин, Перу, Индонезия, Мексика, Бразилияның мемлекеттік құнды қағаздарын сатып алған. Нәтижесінде инвестициялық кіріс жыл басталғалы 600 млрд теңгеге жуықтады. Одан салымшылардың есебіне түсетін кіріс – 5,67%.  Әдетте Орталық банктер валюталық свопты ақша несие саясатының құралы ретінде пайдаланады. Еркін конверсиядағы шетелдік валюта кез келген мәміле үшін сенімді әрі елді кредиттік тәуекелдерден сақтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу