БЖЗҚ 4 компаниямен сенімгерлік басқару туралы шарт жасады

1127

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) салымшылары жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компанияға аудара алады. 

БЖЗҚ 4 компаниямен сенімгерлік басқару туралы шарт жасады

БЖЗҚ бүгінге дейін 4 ИПБ-мен зейнетақы активін сенімгерлік басқару туралы шарт жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың инвестициялық декларациясымен enpf.kz веб-сайтындағы "Қызметтер" – "Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі" деген бөлімінен көруге болады. 

"БЖЗҚ-дан зейнетақы активін алғаннан кейін ИПБ Ұлттық банк басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидасында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды", – деп жазды қордың баспасөз қызметі. 

Зейнетақы жинағы инвестициялық портфельді басқарушы компанияға аударылған жағдайда, мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілік деңгейін қамтамасыз ететін кепілдігімен алмастырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептелінеді.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу