БЖЗҚ Air Astana акцияларының бір бөлігін сатты

117

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) деректерінде көрсетілген.

БЖЗҚ Air Astana акцияларының бір бөлігін сатты Фото: en.wikipedia.org

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2025 жылдың үшінші тоқсанында Air Astana әуе компаниясының 129,1 мың акциясын сатқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сатылған көлем қордың жалпы акциялар пакетіндегі 0,55 пайыз ғана. Қордың аталған компаниядағы үлесі қазіргі таңда 23,35 миллион акцияны қамтиды.

Нарықтық жағдайға сай, сатылған бағалы қағаздардың жалпы құны шамамен 91,1-105,6 миллион теңге аралығында бағаланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу