БЖЗҚ АҚШ облигацияларына 633 млрд теңге жұмсады

779

Сонымен қатар "Бәйтерек" және Еуразиялық банк қағаздарын 13,5 млрд теңгеге сатып алды. 

БЖЗҚ АҚШ облигацияларына 633 млрд теңге жұмсады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры АҚШ пен Қазақстанның мемлекеттік құнды қағаздарына 643,5 млрд теңге жұмсады. Бұл туралы LS басылымы хабарлады. 

Тамыз айында БЖЗҚ кірістілігі 9,11% болатын Ұлттық банктің қысқамерзімді дисконттық ноталарын 192,9 млрд теңгеге, кірістілігі 8,92% болатын қаржы министрлігінің қағаздарын 10,5 млрд долларға сатып алды. 

"БЖЗҚ-дағы негізгі үлес қазақстандық құндық қағаздарға тиесілі, олардың қазіргі бағасы тамыз айында 55,3 млрд теңгеге көтеріліп, 4,05 трлн теңге болды.Үлес – 39,33%", – деді қор өкілдері. 

Ал шетелдік акциялар мен облигациялардың үлесі – 15,98%, яғни 1,6 трлн теңге. 

Сонымен қатар БЖЗҚ шетелдік банктерге кірістілігі 2,18% болатын 708,6 млрд теңге көлемінде валюталық салым, ал Ұлттық банктің бір күндік депозитіне кірістілігі 8% болатын 2,3 трлн теңге салды. Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы қоры тамыз айында "Бәйтерек" облигацияларын 12,5 млрд теңгеге, ал Еуразиялық банк облигацияларын 1 млрд теңгеге сатып алған болатын. 

Бұған дейін қыркүйекте "Қазақстан темір жолы" облигациялары БЖЗҚ-ға 20 млрд теңгеге сатылып, қор "ҚазАгро" холдингіне 624 млрд теңге көлемінде қарыз берген. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу