БЖЗҚ ақшасына салынып жатқан шығыс-оңтүстік желісі 2018 жылы аяқталады

694

БЖЗҚ ақшасына салынып жатқан шығыс-оңтүстік желісі 2018 жылы аяқталады

Елдегі электрэнергиясы саласындағы басты жобалардың бірі республиканың солтүстік-шығысынан оңтүстікке электр желілерін тарту, деп мәлімдеді бүгін KEGOK компаниясының басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев. 

Оның айтуынша, аталған жоба KEGOC компаниясының ірі облигацияларын сатудан түскен қаражат пен Біріңғай жинақтаушы зейнатақы қорынан алынатын ақшаға салынады.

"Елдің солтүстік-шығысынан оңтүстікке электр тарту ел үшін өте маңызды жоба. Өйткені елдің оңтүстігінде электр қуатына тапшылық бар. Ал солтүстікте негізінен генерациялық нысандар орналасқан. Ал желіні шығыс арқылы тарта отырып біз жолай шығыстағы бірқатар жерлердің мәселесін шешеміз. Нәтижесінде тау-кен өндірісі де энергиямен қамтамасыз етіліп қалады", деді басқарма төрағасы.

KEGOC басшысының айтуынша, құырлыс екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезең Екібастұздан Семей мен Өскеменге дейін. Бұл жобаға 53 млрд теңге жұмсалды. Ол толықтай компанияның өз есебінен жүргізілді. Тіпті жоба бір жыл уақытынан бұрын аяқталды.

"Екінші кезең Семей шағын станциясынан Ақтоғай шағын станциясына дейін. Кейін Талдықорған арқылы Алматы мен Алматы облысына жетеді. Екінші кезеңнің жалпы ұзындығы 900 шақырым. Соның ішінде 500 шақырымы аяқталды. Бұл кезең 2018 жылы аяқталмақ. Бұл жерде қаржының жартысын компания өз есебінен жүріп жатса, тағы жартысы БЖЗҚ-дағы қаражаттан алынды", - деді Қажиев.

Айта кетейік, ертеректе үкіметте осы жобаның екінші кезеңіне БЖЗҚ-дан 47 млрд 500 млн теңге бөлінгені айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу