БЖЗҚ активі 13,4 трлн теңгеге жетті

963

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

БЖЗҚ активі 13,4 трлн теңгеге жетті

Оның айтуынша, салымшылар 3,2% мөлшерінде нақты кіріс көрді. 

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активі жыл басынан бері 3,7%-ға ұлғайып, қараша айының соңында 13,4 трлн теңгеге жетті. 7 – қарашадағы дерек бойынша, 636,6 мың салымшының құны 2,2 трлн теңгені құрайтын зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу туралы өтініші қанағаттандырылды. Көрсетілген қаражаттың 2,1 трлн теңгесі тұрғын үй мәселесін шешу үшін алынды", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Ерболат Досаевтың сөзінше, 11 айдың қорытындысында инфляция 7,8%  болған кезде 11% мөлшерінде кірістілік алынды. 

"Жыл басынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін 3,2% мөлшерінде нақты кірістілік қамтамасыз етілді", –  деді Ұлттық банк төрағасы.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу