БЖЗҚ активтерді отандық қаржы ұйымдарының облигацияларына орналастырды

433

Аталған бағалы қағаздардың жылдық табыстылығы тиісінше 18% және 18,7% деңгейінде белгіленген.  

БЖЗҚ активтерді отандық қаржы ұйымдарының облигацияларына орналастырды Фото: azh.kz

Атап айтқанда, 71,9 млрд теңге – "Отбасы банк" облигацияларына, ал 4,72 млрд теңге – "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" облигацияларына инвестицияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, зейнетақы активтері портфелінде АҚШ-тың мемлекеттік қарыздық міндеттемелері мен Қазақстан Қаржы министрлігінің облигациялары да бар.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  25,11 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,22 трлн теңгеге немесе 20,2% артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу