БЖЗҚ активтерін шетел банктерінің депозитіне инвестициялай бастады

1011

БЖЗҚ активтерін шетел банктерінің депозитіне инвестициялай бастады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін шетел банктерінің депозитіне инвестициялай бастады. Жалпы инвест-қоржында активтер үлесі 5 пайызды құрап отыр, деп хабарлайды almaty.tv.

Жыл басынан бері қордың инвестициялық табысы 500 миллиард теңгеге жуықтаған. Ал, жеке зейнетақы шоты бар салымшылардың саны 10 миллионнан асқан. Бүгінде зейнетақы қоры электронды қызмет алу мүмкіндігін жетілдіруді қолға алуда. Қазір оның үлесі 40 пайызды құраса, 2021 жылы 55 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта жыл аяғына дейін азаматтардың көрсетілетін қызметті қолжетімді ету үшін 10 шақты арнайы терминалдар қойылмақ. Одан бөлек, келесі жылдан бастап жаңа қызмет түрі енгізілмек.

Қараша айына дейін зейнетақы жинағының көлемі 7,58 триллион теңгеге жетіпті. Ал, кіріс жыл басынан бері 897 миллиард теңгеге өскен. Атап өтерлігі, өткен айда қордың директорлар кеңесі корпоративтік даму стратегиясын бекітті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу