БЖЗҚ активтерін сыртқы сенімгерлік басқаруға тарту кезең-кезеңімен жүзеге асырылады

773

 БЖЗҚ активтерін сыртқы сенімгерлік басқаруға тарту кезең-кезеңімен жүзеге асырылады

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 8,9 трлн теңгені құрайды. Бұл ретте сыртқы басқаруда 79,4 млрд теңге немесе зейнетақы активтерінің 0,9%-ы бар. Бұл "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында бас банк төрағасының орынбасары Жанат Құрманов айтып берді, деп хабарлайды ҰБ баспасөз қызметі.

Ол қазіргі уақытта Қазақстан Ұлттық банкі "Жаһандық актив акциялар" және "Жаһандық пассив акциялар" мандаттары шеңберінде шетелдік басқарушы компанияларды таңдау және тарту бойынша жан-жақты жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Портфельдердің өлшемдері, инвестициялық стратегия және сенімгерлік басқарудың басқа да талаптары талқылануда, сондай-ақ акциялар нарығына инвестициялаудың неғұрлым қолайлы сәтін айқындау жұмысы жүргізілуде. Акциялар нарығына кірудің қолайлы сәтінің маңыздылығын ескере отырып, БЖЗҚ-ның активтерін көрсетілген мандаттар бойынша сыртқы сенімгерлік басқаруға тарту кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады", - деді Жанат Құрманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу