БЖЗҚ активтерінің 23%-ы шетел валютасында жинақталған

902

БЖЗҚ активтерінің 23%-ы шетел валютасында жинақталған

Ұлттық банк БЖЗҚ активтерінің шетелдік валютадағы үлесін 30%-ға ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы қаржы реттеушінің төрағасы Данияр Ақышев "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Қазір БЖЗҚ активтерінің 23%-ы шетелдік валютада жинақталған. Біз БЖЗҚ портфелін бір ғана валютада сақтамау үшін, оны әртараптандыру мақсатында бұл үлесті үлкейтуді қолға алдық және шетелдік активтердің үлесін 30 пайызға жеткізгенге дейін осы жұмысты жалғастыру жоспарда бар", - деді Данияр Ақышев.

Ол валюта курсының өзгеріп отыруы табысқа тікелей әсер ететінін айтты. "Мысалы, желтоқсандағы жағдай секілді теңгенің нығаюы инвестициялық табыстың түсімін азайтады.  Теңгедегі активтердің табысы – 10%, өзге валютадағы активтердің табысы – 6%", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу