БЖЗҚ активтерінің 365 миллиард теңгесі инвестицияланды

1516

Тамыз айындағы көрсеткіш бойынша, зейнетақы активтері портфелінің көлемі 8,8 трлн теңгеге тең.

БЖЗҚ активтерінің 365 миллиард теңгесі инвестицияланды

Құны 365 миллиард теңге болатын зейнетақы активтері инвестицияланды, деп хабарлайды Atameken business.

Оның 313,6 млрд теңгесіне Ұлттық банк АҚШ, Ресей, Мексиканың құнды қағаздары мен Индонезияның еурооблигациясын сатып алды.

Зейнетақы ақшасының 51,4 млрд теңгесі ел экономикасына құйылыпты. Нақтырақ айтқанда, қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарына 48 миллиард теңге жұмсалған.

Сонымен қатар жылдық 12 пайыздық табыспен "ЦентрКредитБанкінің" облигациялары 3,4 миллиард теңгеге сатып алыныпты. Бұл шара Ұлттық банктің зейнетақы активінің 200 млрд теңгесін екінші деңгейдегі банктердің облигацияларына инвестициялау жөніндегі бағдарламасы аясында жасалынды.

Тамыз айындағы көрсеткіш бойынша, зейнетақы активтері портфелінің көлемі 8,8 трлн теңгеге тең. Оның ішінде теңгеде номинирленген қаражат және қаржы құралдары 67,6 пайызды құрап, 6 трлн теңгеге жуықтапты. Шетел валютасына қатысты көрсеткіш 32,4 пайыз немесе 2,9 трлн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу