БЖЗҚ ашық есік күнін өткізеді

880

БЖЗҚ ашық есік күнін өткізеді

20 маусым күні Астана қаласында "БЖЗҚ" АҚ зейнетақы қоры бойынша сұрақтарға жауап және түсіндіру мақсатында "Зейнетақы жарналары. Жеке зейнетақы қоры шотының жай-күйі туралы хабарлау әдістері" тақырыбында ашық есік күнін өткізеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Осы күні қала тұрғындары мен қонақтары өздерін алаңдатқан сұрақтары бойынша жүйелі түрде толық жауап ала алады. Шараға қатысушыларға келесі зейнетақы жинақтарының түрлері туралы жан-жақты ақпарат беріледі.

- Міндетті зейнетақы жинақтары;

- Міндетті кәсіби зейнетақы жинақтары;

- Ерікті зейнетақы жинақтары туралы;

Бұған қоса, азаматтар жеке зейнетақы шоты туралы мәлімет алу әдістері туралы білетін болады және келушілерге БЖЗҚ-ның мамандары зейнетақымен қамтамасыз ету саласына қатысты сауалдарына жеке кеңес береді. 

Ашық есік күні 20 маусымда сағат 10:00 мен 17:00 аралығында

Т. Бигелдинов көшесі, 12 үйде өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу