БЖЗҚ басқарушы компанияларға 500 млн теңгеден астам зейнетақы аударымдарын аударған

771

БЖЗҚ мәліметі бойынша,  15 наурызға дейін жинақтарды ИПБ-ға аудару туралы барлығы 732 өтініш түскен.

БЖЗҚ басқарушы компанияларға 500 млн теңгеден астам зейнетақы аударымдарын аударған

Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшылардың шамамен 521,4 миллион теңгесін инвестициялық портфельді басқарушыға (БЖЗ) аударды, деп inbusiness.kz БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"2021 жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ 2021 жылдың 18 ақпанынан бері түскен 190 өтінішті өңдеп, инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) шамамен 521,4 млн теңге аударды. Аударымның орташа сомасы шамамен 2,7 млн теңге", деп жазылған хабарламада.  Орындалған өтініштердің 54% астамы Алматы қаласының тұрғындарынан түскен. Алматылықтардың ИПБ-ға сеніп тапсырған аударымдарының орташа сомасы 2,7 млн теңгені құрады. Орындалған өтініштердің 18% астамын Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары берген.  ИПБ-ға аударылған орташа сома 4,3 млн теңге.

"Басқарушы компанияларға аударылған ең көп сома 6,7 млн теңге иегерлері – Атырау облысының тұрғындары. Мұнда зейнетақы жинақтарын аудару туралы бар-жоғы үш өтініш орындалды, бірақ олардың жалпы сомасы 20 млн теңге", – деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.       

БЖЗҚ мәліметі бойынша,  15 наурызға дейін жинақтарды ИПБ-ға аудару туралы барлығы 732 өтініш түскен. Оның 190-ы орындалып, 403 өтініш қазіргі сәтте өңделу үстінде, ал 139 өтінішті орындаудан бас тартылған.  

 

 

                  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу