БЖЗҚ-дағы инвестициялық табысты қалай бақылауға болады?

872

Зейнетақы жинағы ұзақмерзімді инвестиция. Сондықтан инвестициялық табыс мөлшерін 12 айда бір талдаған орынды.

БЖЗҚ-дағы инвестициялық табысты қалай бақылауға болады?

Қысқамерзімді деректі, оның ішінде күнделікті, ай сайынғы талдауды инвестициялық табыстың нақты көрсеткіш деп қабылдауға болмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қысқамерзімді дерек нарықтың күнделікті жағдайына байланысты қалыптасады. Сондықтан ол құбылып тұрады. 

"Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық. Әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшаның көмегімен бақылай алады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активін инвестициялық басқаруға қатысты және зейнетақы активі орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат қордың ресми сайтындағы "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" деген бөлімде жарияланады", – деп түсіндірді қордың баспасөз қызметі. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу