Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы есеп шоты автоматты түрде ашылатын болады, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
2018 жылдың 27 желтоқсанындағы ҚР "Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына енгізілген түзетулер міндетті зейнетақы жарнасын төлеу процедураларын оңтайландыруға бағытталған.
Жарна төлеушілер үшін БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарнасын төлеушілерге жеке зейнетақы шотын ашу жеңілдетілген.
Қолданыстағы заңға сәйкес, (2018 жылдың 27 желтоқсанында енгізілген өзгерістерге дейінгі) жеке зейнетақы есеп шотын ашу үшін БЖЗҚ бөлімшелерінің қызметіне жүгініп, өтініш жазатын. Енді жаңа жарна төлеушілер үшін, БЖЗҚ түскен алғашқы жарна негізінде автоматты түрде есеп шот ашылады.
Бұл орайда жарна төлеушілердің барлық қажетті мағлұматтарын, жеке куәлігінің, тұрақты мекенжайы туралы мәліметтерін БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақапараттық жүйесінен алады.