БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

224

Ол мемлекеттік шекарадан өтпек болған кезде қолға түсті. 

БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды Фото: ҚМА

“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан” 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды. Бұл туралы Сенатта өткен брифинг барысында Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, жалған стоматологиялық клиникалар арқылы зейнетақы қорынан ірі көлемде қаржы ұрлау дерегі бойынша іс тергеліп жатыр.

"Үш күдіктінің біреуі ғана ұсталды. Ол мемлекеттік шекарадан өтпек болған кезде қолға түсті. Қалған екеуі, біздің деректер бойынша, ел аумағынан тыс жерге қашып кеткен. Қазір құқық қорғау органдары, Интерпол және көршілес елдердің қаржы барлау бөлімдерімен бірлескен іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Елемесов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу