БЖЗҚ-дан ақша алу: қазақстандықтар енді офтальмология қызметіне жаппай жүгіне бастады

160

Бұл туралы бірінші кредиттік бюро хабарлады.  

БЖЗҚ-дан ақша алу: қазақстандықтар енді офтальмология қызметіне жаппай жүгіне бастады Фото: eyeinst.kz

Тіс емдеуге зейнетақы жинағын алуға тыйым салынғаннан кейін қазақстандықтар жаппай офтальмология қызметіне жүгіне бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бірінші кредиттік бюро таратқан ақпарат сәйкес, қыркүйекте офтальмологиялық қызметтерге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлеміне өтінім саны күрт артқан.

"Қыркүйекте офтальмология қызметіне ақы төлеу үшін 1,4 миллиард теңге сомасына 1611 өтінім орындалды. Тамыздағы көрсеткіштермен салыстырғанда, бұл 5,8 және 7 есе өсімді көрсетеді", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, стоматология бағыты бойынша БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару көрсеткіші күрт артқан.

"27,3 мың өтінім және 21,8 миллиард теңге туралы сөз болып отыр. Тамызда стоматология бағытында 6,3 мың өтінім мен 3,7 миллиард теңге қайтарылған", – деп жазылған ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін "Отбасы банк" тіс емдеуге өтініш беру кезінде БЗЖҚ қаражатын мақсатсыз пайдалану және құжаттарды қолдан жасау деректері анықталғанын мәлімдеді.

Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражатты заңсыз алуға жәрдем көрсеткен 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу