БЖЗҚ-дан мерзімінен бұрын 1,8 трлн теңге алынды

705

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев біржолғы зейнетақы төлемін алу қарқыны 5,5 есе баяулағанын баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

БЖЗҚ-дан мерзімінен бұрын 1,8 трлн теңге алынды

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активі жыл басынан бері зейнетақы жинағын алу қарқынының төмендеуі аясында 52 млрд теңгеге немесе 0,4%-ға ұлғайып, тамыздың соңында 12,9 трлн теңгені құрады. Қаражатты ай сайын алу көлемі ақпан айындағы 643 млрд теңгеден тамыз айында 118 млрд теңгеге дейін немесе 5,5 есе баяулады", – деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, салымшылар зейнетақы жинағынан 
мерзімінен бұрын 1,8 трлн теңге алды. Оның 1 765 млрд теңгесі тұрғын үй мәселесін шешуге жұмсалды. 

"8 айдың қорытындысында елдегі инфляция 5,8%, ал зейнетақы жинағының кіріс деңгейі 7,6% болды", – деді Ерболат Досаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу