БЖЗҚ-дан тұрғын үй саласына 1,6 трлн теңге бөлінді

732

13 шілдедегі жағдай бойынша салымшылардың 350 269 өтініші мақұлданған, деп хабарлайды inbusines.kz.

БЖЗҚ-дан тұрғын үй саласына 1,6 трлн теңге бөлінді

Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ шамамен 1,6 трлн теңге аударған. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – шамамен 4,5 млн теңге.

Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (16,5%), Маңғыстау облысының (15,4%), Нұр-Сұлтан қаласының (12,9%) тұрғындары тарапынан жолданған. www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" бөлімінде салымшылардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат орналастырылған. Мұндай ақпарат өңірлер бөлінісінде де берілген ("Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері" және тиісінше "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері" шағын бөлімдері). 
"Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Altyn Bank" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ және "Банк Фридом Финанс Казахстан" АҚ болып табылады. Орындалған өтініштердің едәуір (орындалған өтініштердің жалпы санының 95,3%) бөлігі "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, одан әрі "Қазақстан Халық банкі" АҚ (3,8%), "Банк ЦентрКредит" АҚ (0,9%), "Altyn Bank" АҚ (0,03%) және "Банк Фридом Финанс Казахстан" АҚ (0,003%) арқылы берілді.

Айта кетейік, уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 185,6 млрд теңгеден аса сома қайтарылды, себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған", - делінген БЖЗҚ хабарламасында.

Бұған қоса БЖЗҚ-ға емделуге барлығы 36 926 өтініш  түскен. Оның ішінде 20 млрд теңгеге 21 054 өтініш орындалды, орташа сома – шамамен 1 млн теңге. Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан ("Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ) шамамен 3,2 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған. Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану жөніндегі өзекті статистикамен www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері" бөлімінен танысуға болады. 

Естеріңізге саламыз, біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті операторда ("Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ) ашылған арнайы шотқа түскеннен кейін алушы уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларының 13-тармағына сәйкес) ұсынады.

Салымшы, сонымен қатар аударылған соманы "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ға тиісті өтініш беру арқылы БЖЗҚ-ға қайтара алады, оны банк алушыдан қайтаруға өтініш алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде орындауға міндетті.

Аян Бекенұлы 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу