БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады

261

Мұндай норма жаңа Салық кодексінде көзделген.  

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады Фото: ашық дереккөзден

Сонымен қатар еңбекақы төлеу қорынан төленетін төлемдерді жеңілдету мәселесі қаралды, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Сондай-ақ, 10 жастан асқан автомобильдерге салынатын салық сомасы 30%-ға, 20 жастан асқан автомобильдерге салынатын салық сомасы 50%-ға төмендетіледі", - деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин.

Бұдан басқа, жиынтық құны 450 млн. теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының жоғарылатылған ставкалары; кедендік құны 75 млн. теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге қосымша акциз салу ұсынылады. 

Еңбекақы төлеу қорынан төленетін төлемдерді жеңілдету мәселесі қаралды. Салық салынатын база мен төлеу тәртiбi бiрiздендiрiлетiн болады.

"Бұл ретте шағын және шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем төлеу нормасын сақтаймыз", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу