БЖЗҚ Delta Bankтен 2,7 миллиард теңге өндіріп алды

870

БЖЗҚ Delta Bankтен 2,7 миллиард теңге өндіріп алды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Delta Bankтен сот арқылы 2,7 млрд теңге өндіріп алды, ҚазАқпарат.

Азаматтық іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралды.

Іс материалдарына қарағанда, "БЖЗҚ" АҚ  салымшылары мен банк арасында келісімшарт жасалып, 2 жылға 1 млрд теңге, сонымен қатар 1 жылға 1,5 млрд теңге салым салынған. Алайда Delta Bank келісімшартта көрсетілген талаптарды орындамағандықтан зейнетақы қоры банкті сотқа берді.

"Банк салымы туралы келісімшарттың  2.6 жəне 3.3-тармақтарына сəйкес салымшы тарапынан келісімшарт бұзылған жағдайда банк үш жұмыс күні ішінде депозит қаржы сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін қайтаруы тиіс", - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Өз кезегінде банк өкілдері БЖЗҚ-ның қаржысын қайтаруға лицензиясы тоқтатылуына байланысты мүмкіндік жоқтығын хабарлаған. Дегенмен банк қарызды өтеуден бас тартып отырған жоқ.

Сот БЖЗҚ арызын толығымен қанағаттандырып, Delta Bank № 22/1222 банк салымы туралы келісімшарты бойынша -  1 113 388 888 теңге, ал №22/1576 келісімі бойынша 1 626 000 000 теңге өндіру туралы шешім шығарды.

Айта кету керек, 2017 жылдың 4 тамызда ҚР Ұлттық банк "Delta Bank" АҚ депозиттерді қабылдау жəне банк шоттарын ашу лицензиясын тоқтатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу